Сарқандық шаруалар тәтті түбір жинауға кірісті

Уақыты: 15.09.2023
Оқылды: 490
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Сарқан ауданы Бақалы ауылдық округіндегі "Сәрсенбаев А." және Алмалы ауылдық округіндегі "Мұхамади" шаруа қожалықтары алғашқылардың бірі болып өнім жинауға кірісті. 

Шаруашылық жетекшілерінің айтуынша, өнімнің орташа шығымы 400-500 ц/га айналуда.

Аудан әкімдігінің мәліметі бойынша, аймақта биыл қант қызылшасы 1300 гектарға себілген. Ал облыста тәтті түбір алқабы – 8742 га.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.