Қарттарға мерекеге орай біржолғы қаржылай көмек көрсетіледі

Уақыты: 29.09.2023
Оқылды: 861
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қарттар күнінде 234 мың қазақстандыққа материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Біржолғы материалдық көмек Астана, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарындағы қарияларға төленетін болады.

Республика күніне орай Ақмола және Павлодар облыстарында қарт адамдарға біржолғы төлем жасалады.

“Сондай-ақ, Қарттар күніне (1 қазан) Астана қаласында, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Республика күніне (25 қазан) Ақмола және Павлодар облыстарында аға буын өкілдеріне 2-ден 10 АЕК-ке дейінгі мөлшерде, шамамен 1,9 млрд теңгеге 234 мың адамға біржолғы материалдық көмек көрсетілетін болады”, – делінген мәліметте.

Сонымен қатар қарттар күніне орай Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Абай және Ұлытау облыстарында мерекелік азық-түлік себеттері табысталады.

Дереккөз: Basnews.kz
Фото: көрнекілікке алынды