Жетісу облысында мектептен ноутбук ұрлаған күдікті құрықталды

Уақыты: 29.09.2023
Оқылды: 740
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында мектептен ноутбук ұрлаған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қалалық полициясында мектептен ноутбук ұрланғаны туралы арыз тіркелді. Бірнеше сағат ішінде тәртіп сақшылары ұрланған кеңсе техникасын тауып, оқушыларға қайтарып берді. Ұрлық жасады деген күдіктіні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бейнебақылау камералары арқылы анықтады.

– Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті құрылыс бригадасымен бірге мектептегі жеке кабинеттерді жөндеу жұмыстарын жүргізген. Ноутбукті түнде шығарған. Қазір ноутбук заңды иелеріне, яғни оқушыларға қайтарылды, – дейді Талдықорған полициясы.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.