Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Уақыты: 01.10.2023
Оқылды: 653
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөліктер ықпалынан республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді.

«1 қазанда Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында жауын-шашын болады, Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен көктайғақ түріндегі қатты жауын-шашын болады. Тек республиканың батысында ғана ауа райы ашық, жауын-шашынсыз болады, салыстырмалы түрде қолайлы температуралық фон сақталады. Еліміздің басым бөлігінде түнде және таңертең тұман түседі», делінген хабарламада.

Ауа температурасы республиканың солтүстік жартысында түнде 0-8 градус жылы, күндіз 10-23 градус жылы, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 5-15 градус жылы, күндіз 18-25 градус жылы болады. Түнде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында 3 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.