Диас Ахметшәріп жаңа қызметке тағайындалды

Уақыты: 19.10.2023
Оқылды: 643
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Диас Ахметшәріп Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған.

Ұзақ жылдар «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» телеарнасында спорт журналисі болған.
 

«Қазспорт» мемлекеттік телеарнасының тұңғыш директоры, «Insport» телеарнасының бас редакторы қызметін атқарған.

2003-2007 жж. – ҚР Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы;

2010 - 2012 жж. – «Астана-СК» корпоративтік қорының қоғаммен байланыс департаментінің директоры (Спортты қолдау қоры);

2012-2013 жж. – ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының кеңесшісі.

Олимпиада және Азия ойындарының, спорт түрлерінен әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі болған.