Аудан әкімінің сайлауына 88 қоғамдық байқаушы қатысады

Уақыты: 05.11.2023
Оқылды: 381
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін республика бойынша пилоттық режимде 45 маңызды аудан, қала әкімдерінің сайлауы өтуде. 

Бұған дауыс коалициясы қоғамдық байқаушы ретінде қатысуда. 26-27 қазанда Кербұлақ пен Сарқан аудандарында қоғамдық байқаушылар үшін оқыту тренингтері өтті. 

Сарқан ауданы бойынша 30, Кербұлақ ауданы бойынша 58 сайлау учаскесінде 88 қоғамдық байқаушы сайлауға байқау жүргізеді. 

Жанат Төлемісова,
«Партиялық емес бақылау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінң
Жетісу облыстық филиалының басшысы