Тоғыз өңірде күн бұзылады

Уақыты: 06.11.2023
Оқылды: 573
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Күннің бұзылуына байланысты Қазгидромет синоптиктері еліміздің бірқатар өңірінде тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Kazinform.

Ертең 6 қараша Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және Астана қаласында түнде және таңертең тұман түседі.  

Қызылорда облысында шығыстан күшті жел соғады, облыстың орталығында, шығысында күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді.   

Түркістан облысының солтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Жетісу облысында да солтүстік-шығыстан жел соғады, күші — 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с жетеді.

Сурет: pixabay