Бүгін елде күн ашық болады

Уақыты: 07.11.2023
Оқылды: 431
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазгидромет синоптиктері 7 қараша, сейсенбіде ауа райы қандай болатынын жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Республиканың басым бөлігінде антициклон ықпалымен күн ашық болады, жауын-шашын жаумайды.

Тек еліміздің батысы мен оңтүстіктің таулы аудандарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Қазақстан бойынша тұман түседі.