Қаратал ауданынан 30 мың тонна қызылша өткізілді

Уақыты: 11.11.2023
Оқылды: 629
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Биыл Қаратал ауданында 1106,7 гектар жерден қант қызылшасын алу жоспарланған болатын. Бүгінде аудандағы 58 шаруа қожалығы 851,7 гектардың өнімін жинап, Көксу қант зауытына 29976,36 тонна қызылша өткізілді.

Аудан орталығы маңындағы Бастөбе ауылдық округінде де қант қызылшасын жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Биыл 203 гектар суармалы жер теліміне 10 шаруа қожалық қант қызылшасын еккен. Бүгінде 98 гектар жерден қант қызылшасы жиналып,  зауытқа 2812 тонна өнім өткізді.

Өкінішке қарай, 55 гектар қант қызылшасы жерасты суларының көтеріліп кетуіне байланысты шіріп кетіпті. Қазір егін алқаптарында 6 комбайн және 12 «КамАЗ» автокөліктері жұмыс істеуде. Болжам бойынша шаруа қожалықтары жұмыстарын 10 күн ішінде толығымен бітіреді.

"Жетісу-Ақпарат"