Жаңбыр, қар, көктайғақ — 24 қарашаға жасалған күн райы болжамы

Уақыты: 24.11.2023
Оқылды: 415
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 24 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы

Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар ҚР аумағы арқылы жылжуын жалғастырады және елдің басым бөлігіне ықпалын сақтайды, сонымен бірге жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте – қатты жауын-шашын жауады.

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік, солтүстік-батыс, орталық аудандарында бұрқасын болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, Түркістан облысының тау асуларында, түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса жел соғады.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform