Жетісу облысы әкімі Панфилов ауданы тұрғындарымен кездеседі

Уақыты: 23.11.2023
Оқылды: 336
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Құрметті Панфилов ауданының тұрғындары!

Жетісу облысының әкімі Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы 2023 жылғы 7 желтоқсанда сағат 09:00-де Панфилов  ауданының мәдениет үйінде (мекенжайы: Жаркент қаласы, Розыбакиев көшесі, 22) азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.

Сондай-ақ, сағат 10.00-де облыс әкімі аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y=  сілтемесі бойынша және Панфилов ауданы әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «panfilov_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/panfilov_akimdigi?igshid=NzZlODBkYWE4Ng== сілтемесі бойынша жүргізіледі.