Аяз, көктайғақ: 8 желтоқсанға синоптиктер болжамы

Уақыты: 08.12.2023
Оқылды: 588
Бөлім: КҮНДЕРЕК

8 желтоқсанда республиканың басым бөлігіне суық солтүстік-батыс антициклоны әсер етіп, онымен аязды, негізінен жауын-шашынсыз күн райы болады, деп хабарлайды «Қазгидрометке» РМК.

Оңтүстік пен шығыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаңбыр, қар, көктайғақ болжанады. Шығыс өңірлерде онымен қоса, бұрқасын болады.

Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Еске салайық, 7 желтоқсан күні, сағат 18.00-ден бастап аязға байланысты Астана қаласынан шығатын барлық республикалық жолдар жабылды.

Фото: Freepik