Ескелді ауданында жоғалған бала табылды

Уақыты: 09.12.2023
Оқылды: 728
Бөлім: КҮНДЕРЕК

8 желтоқсан күні Ескелді ауданы полиция бөліміне Шымыр ауылында 2008 жылы туған жасөспірімнің жоғалғаны жөнінде хабарлама түскен, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Полиция бөлімінің бастығы Қуат Оспановтың айтуынша хабарлама түсісімен аудан құқық қорғаушылары жедел іздестіру жұмыстарына кіріскен.

Мұндай ауқымды шараға аудандағы белсенділер, Шымыр ауылының жастары мен М.Мәметова атындағы мектептің ұстаздары жұдырықтай жұмылды. Таңертеңнен қасқарайғанша іздестіру жұмыстары толастамаған. 

Жоғалған жасөспірімнің ата-анасы оқушы 7-желтоқсанда сабаққа кетіп, оралмағанын жеткізді. Ата-анасы келер деген үмітпен құқық қорғаушыларға шағым түсірмеген. Келесі күні ғана полиция бөліміне арызданып барған. 50-ге жуық іздеуші 8-желтоқсанда жоғалған баланы қираған ескі үйден тауып,  ата-анасына табыстады.

Фото: azattyq-ruhy.kz