Талдықорған қаласының әкімі жылыжайды аралады

Уақыты: 04.01.2024
Оқылды: 386
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қала іргесіндегі салат өсірумен айналысатын «Жасыл Желек-Jetysu Green» брендімен жақсы таныс жылыжайдың жұмысымен танысты.

Мезгілдің көктем, күз және қысында жұмыс істейтін жылыжайда 10-нан аса салат жапырақтарының түрі өсіріледі. Кәсіпкердің айтуынша, сұраныс өте жоғары. Олар қала аумағындағы ірі супермаркеттермен тығыз жұмыс істеп, өнімдерін тұрақты ұсынып келеді. 

Жылыжай 2021 жылы салынды. Бүгінде 10 адам тұрақты жұмыс істейді. Жалпы жылына 210 мың дана салат жапырағын өсіреді. Заман талабына сай жабдықталып, керекті қондырғылармен қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, кәсіпкер алдағы уақытта 1 гектар жерге жылыжай салуды жосапарлап отыр. Қала әкімі кәсіпкерге сәттілік тілеп, өнім көлемін арттырып, қаламыздан тыс аймақтарды да қамтамасыз ету керектігін, бұл тұрғыда заң аясында көмек болатындығын жеткізді.  

Айта кеткен жөн, жергілікті өнімді қаламыздан бөлек Астана, Алматы және Өскемен қаласының тұрғындары да тұтынуда. 

Қали АСҚАР