Жаңа жыл қарсаңында күн суытады - синоптиктер

Уақыты: 28.12.2023
Оқылды: 460
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Қазгидромет» РМК  синоптиктері алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты. Болжамға сәйкес, Қазақстанның барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Мамандардың айтуынша, ел аумағындағы ауа райына Атлант циклоны ықпал етеді. Ол жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынға себеп болады. Оған қоса желтоқсан айының соңында бұрқасын, көктайғақ және 15-28 м/с екпінді жел болады.

Мәселен, 29-30 желтоқсанда солтүстік және оңтүстік облыстарда екпіні 30 м/с және одан да көп болатын қатты жел соғады. 

30 желтоқсанда түнде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында 7-15 градус аяз болады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста аяз 3-13 градусқа дейін аздап төмендейді.

Фото: liter.kz