Алдағы 3 күнге ауа райы болжамы жарияланды

Уақыты: 29.12.2023
Оқылды: 653
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жылдың соңғы күндерінде еліміздің басым бөлігінде жылымық сақталады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Атлантика аудандарынан тағы бір циклон жауын-шашын қар мен жаңбыр түрінде, көктайғақ және бұрқасын, желдің күшеюімен келеді.

Ауа температурасы: түнде солтүстікте 5-15 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін, орталықта 5-15 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін, оңтүстікте 3-11 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін ауытқуы, батыста басым температура 3 градус аяз-2 градус жылы, шығыста 0-10 градус аяз, оңтүстік-шығыста 2-10, таулы аймақтарда 12-17 градус аяз, күндізгі температура республиканың солтүстік жартысында 5 градус аяз-2 градус жылы, оңтүстік жартысында 2-7 градус жылы, таулы аудандарда 0-5 градус аяз болады.

Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов