Астанадан пәтер ұтып алды

Уақыты: 01.01.2024
Оқылды: 824
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Армандар орындалады! Үш баласын үйлендіріп, бас қаладан баспана алуды армандаған ұстаз ұтыс ойынынан пәтер ұтып алды.

Жұмагүл  Құдайбергенова  Жетісу облысы Панфилов ауданындағы Кіші Шыған ауылының тұрғыны. Бүгінде сол елді мекенде отбасымен бірге тұрады. Өз балаларымен қатар ел баласын білім нәрімен сусындатып, тәрбиелеген ардагер ұстаз. Соңғы 20 жыл бойы Жаркент қаласындағы №6 орта мектепте еңбек етіп келеді. Оның асқақ арманын орындаған   KMF компаниясы.

«KMF-тің тұрақты клиенттеріне арналған «KMF-Qurmet» бағдарламасы бар. Мен сол бағдарламаның қатысушысы болдым, себебі, бұл компанияға келгеніме  13 жыл. Осы бағдарлама аясында өткен ұтыс ойынында бас жүлдеге пәтер тігіліп, ол маған бұйырды. Тікелей эфирде хабарласып, жеңдіңіз дегенде сенген жоқпын, алаяқтар шығар дедім. Бірақ сол эфирді көрген туыстарым хабарласа бастағанда бірақ сендім, қуанышымда шек жоқ»,  – дейді ол.

Енді ол алдағы уақытта немерелерімен Астанаға көшіп баруды армандайтынын жеткізді.

«Әлі сенер-сенбесімізді білмей, қуаныштан толқып тұрмыз. Енді елорда төрінде біздің де өз шаңырағымыз бар. Осындай керемет сый жасаған KMF компаниясына алғысымыз шексіз! Келешекте осы жаққа қоныс аударамыз, немерелерім Астанаға келіп, өздерінің мамандығы бойынша оқуға түсіп, бас қалада болашақтарын бастаса деген арман, ниетім бар», – дейді Жұмагүл Айтбайқызы.

KMF Басқарма төрағасының орынбасары Қарлығаш Райханованың айтуынша, «KMF-Qurmet» ниеттестік бағдарламасы ұзақ жылдан бері тұрақты клиенттері болып келе жатқандарға бағытталған. 

«Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша KMF-тің 260 мыңнан аса клиенті бар. Біз клиенттерімізді әрдайым және барлық жағынан қолдауға тырысамыз. Олардың ісіне қамқорлықпен және құрметпен қараймыз. Сонымен қатар, бизнестегі ерекшеліктерін, қажеттіліктерін ескереміз. Сондықтан өз артықшылықтары және бағалы сыйлықтарымен ерекшеленетін арнайы бағдарлама құрдық. «KMF-Qurmet» ниеттестік бағдарламасы бойынша жүлде қорын таңдаған кезде қолайлы, пайдалы болуына баса назар аудардық. Жаңа жыл қарсаңында бас жүлдеге Астанадағы жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер тігілді. Компания тарихында алғаш рет осындай ауқымды жүлде қоры ойнатылды. Оны 13 жылдан бері KMF-ке сеніп, өз армандарын бізбен бірге жүзеге асырып келе жатқан клиентіміз ұтып алғанына біз өте қуаныштымыз»,– деді Қарлығаш Райханова.  

Қараша айында ұйымдастырылған ұтыс ойынында KMF әзірлеген ауқымды сыйлық мұнымен шектелмеді. Бір автокөлік, саяхаттауға жолдама сертификаттары мен 100-ден астам гаджет тігілген ұтыс бағдарламасы компания клиенттеріне қуаныш сыйлады. 

Айта кетейік, KMF нарықта 26 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компания бизнеспен айналысып отырған кәсіпкерлерге көп қолдау көрсетеді. Әсіресе, ауылдық жерлерде микро және шағын бизнесті қолдауға, дамытуға айрықша назар аударады. Клиенттердің 67% -ы ауылдық елді мекендерде тұрады. Компанияның портфелінде микро және шағын бизнестің үлесі 90%-дан асады. Олардың шамамен 40%-ы агросектор. Қазіргі уақытта компанияға 260 мыңнан астам клиент сенім білдіреді. Оның 55%-ы әйелдер. Әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау көрсету KMF-тің әу бастағы басым бағыттарының бірі. Қазақстан бойынша 17 филиал, 120 бөлімше тұрақты жұмысын жүргізіп келеді.

"Жетісу-Ақпарат"