Көрсеткіш көңіл тоғайтады

Уақыты: 30.12.2023
Оқылды: 770
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Алты Алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі» деген ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың сөзі ұлағат иесінің, жалпы білім саласының қаншалықты маңызды екеніне алтын айғақ. Десек те жыл басында жағымсыз дүниемен сын садағына ілінген Жетісу облыстық білім басқармасының жылды қалай қорытындылағанын төмендегі көрсеткіштерден аңғаруға негіз бар.

Жетісу өңірінде білім саласын дамыту мақсатында Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп «Жетісу облысының білім жүйесін дамытудың, Жол картасы» әзірленген болатын. Саладағы барлық өзекті мәселелер Жол картасы шеңберінде шешілуде.

Өңірдегі орын тапшылығы қалыптасқан мектептердің мәселесін шешу мақсатында биыл 1760 орынға арналған 6 мектеп құрылысы жүргізілді. Оның ішінде жыл аяғына дейін облыс орталығы  Талдықорған қаласында берілуі тиіс 1200 орынды мектеп әлі пайдалануға берілмеді. 

Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес облыста 116 ауыл мектебі жаңғыртылып, 45 мектепке  жаңа модификациялық кабинет алынған. Балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында барлық білім беру ұйымдары 100% бейнебақылау, дабыл түймесі жүйелерімен қамтамасыз етілген. 318 мектеп жедел басқару орталықтарына қосылған. Оған қоса, бастауыш сыныптың  51950  оқушысы және 5-11-сыныптағы 13201 әлеуметтік категориядағы оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. 

Облыста  дарынды оқушылар мен талантты жастарды анықтау және қолдау бағытында бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Нәтижесінде «Жас ғалымдар диалогы» атты ІІІ Халықаралық форумда облыс оқушылары зерттеу жобаларымен жүлделі І орын,  «Экология және қоршаған ортаны қорғау» бағытында  жүлделі ІІ орын иеленді.

Биыл жаз мезгілінде  дарынды оқушыларды қолдау мақсатында Алакөл көлінің жағасында облыстағы 100 оқушы оқу-жаттығу және сауықтыру шараларымен қамтылып, облыстағы мамандандырылған білім беру ұйымдарының мұғалімдері пәндерден дәріс берді. 

Облыста «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен «Ауылдық жерлердегі шағын жинақты мектептердің әлеуетін дамыту» бағдарламасы шеңберінде 4 мектеп 1 млрд. теңгеге жабдықталды. Қазіргі уақытта облыста 4 тірек мектебі 250 млн. теңгеге жаңғыртылып,  20 магниттік мектептерге жетекшілік жасауда. 

Облыста 2000-ға жуық бала тасымалданады. Жыл сайын балаларды тасымалдайтын автобус паркі жаңартылып отырады. 

Биыл қосымша білім берумен қамту 81,1 %-ды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,1 %-ға өсті. 

"Жетісу-Ақпарат"