"Партиядағылар ренжитін шығар деп ойладым". Ринат Зайытов басынан өткен ыңғайсыз жағдай туралы айтты

Уақыты: 04.01.2024
Оқылды: 482
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов басынан өткен ыңғайсыз жағдай туралы "7 арнаға" берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Оның айтуынша, сұхбат берер алдында қалжыңдап, "Мен в Аманате" деп айтқан бейнежазбасы таралып кеткен.

"Жайдарманда осы "Мен в Аманате" дегенді естігенмін. Кейін журналистер келіп, сұхбат беруімді сұрады. Артымда түрлі партиялардың бильбордтары тұрған. Мен "Аманаттың" артында тұрсам, журналист "былайырақ тұрыңызшы" деп өтінді. "Несі бар, мен сол партиядан сайландым ғой" деп жаңағы әнді айтып тұрғанмын. Кешкісін сол айтқанымды бәрі жібереді. Сөйтсем, оператор білдіртпей түсіріп алыпты. "Парламенттегілер ренжитін шығар" деп ойладым. Бірақ, жақсы қабылдады, тіпті "қайдан ойлап таптың?" дегендер де болды", - деді депутат.

Дереккөз: Massaget.kz
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі