Талдықорғанда Kcell мобильді операторы 5G желісінің заманауи технологиясын іске қосты

Уақыты: 05.01.2024
Оқылды: 471
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда Kcell мобильді операторы келесі мекенжайлар бойынша 5G желісінің заманауи технологиясын іске қосты:

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Уәлиханов көшесі, 179, фин моншасы;
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Samal mcr. 33, land for tower;
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, «Жетісу» стадионы, жарықтандыру мұнарасы;
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, 2-шағын аудан. d10, TUSM-5.

Сонымен қатар Жетісу облысының 49 елді мекенін ұялы байланыс және интернет желісімен қамту жұмыстары жүргізілуде.

Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасының деректері бойынша байланыс операторларымен шалғайдағы және жету қиын ауылдарда антенна-діңгек құрылыстарын орнату туралы меморандум жасалды. Бұған дейін жергілікті тұрғындардан осындай өтініштер келіп түскен болатын.

Бұдан басқа, өңірлік провайдер-компаниямен облыс орталығына жақын орналасқан «Ынтымақ» шағын ауданы мен Өтенай ауылы үшін интернет желілерді төсеу келісілді, алайда әзірге жоғары жылдамдықты веб-қосылыммен қамтамасыз етілмеген.

Цифрлық ведомствоның мәліметінше, Талдықорған қаласы 2025 жылға қарай 5G желісіне толық қосылады.

Жетісу облысының цифрлық технологиялар басқармасы.