Жедел жауаптар беріледі

Уақыты: 09.01.2024
Оқылды: 645
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Telegram» мессенджерінде «МКК Жалпыға бірдей декларациялау_мобильді аударымдар» чаты құрылды, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті. Онда жалпыға бірдей декларациялау мәселелері, сондай-ақ мобилді аударымдар бойынша сұрақтарға жедел жауаптар беріледі.

Осы чатта жалпыға бірдей декларациялау және мобилді аударымдарды салықтық бақылау бойынша баспасөз хабарламаларымен және басқа да пайдалы ақпаратпен танысуға болады. 

Сондай-ақ, әрбір Мемлекеттік кірістер басқармасында «Консультативтік орталықтар» құрылды, республика бойынша 200-ден астам осындай орталық бар. Консультативтік орталықтарда жалпыға бірдей декларациялау мен мобильді аударымдарға қатысты барлық сұрақтар бойынша жауаптар беріледі.

Дереккөз: ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ