Астанадағы "Нұр-Сұлтан" және "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" вокзалдарының атауы өзгертілмек

Уақыты: 09.01.2024
Оқылды: 636
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Астанадағы "Нұр-Сұлтан" және "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" теміржол вокзалдарының атауы өзгертілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес теміржол вокзалдары мен жолдар қайта аталсын. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес темір жол станциялары атауларының транскрипциясы өзгертілсін”, – делінген қаулы жобасында.

Атауы өзгертілмек станциялар мен жолдар мыналар:

Ақмола облысы бойынша

"ҚТЖ – Жүк тасымалы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалының Нұр-Сұлтан теміржол вокзалының атауы – "Ақмола филиалы" РМК Астана вокзалы атауына;

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалының "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" теміржол вокзалының атауы – "Ақмола филиалы" РМК Нұрлы жол вокзалы атауына.

Жетісу облысы бойынша

"ҚТЖ – Жүк тасымалы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 13-ші филиалының атауы– "Алматы филиалы" МКҚК-ның Ақши темір жол трасса атауына.

Қызылорда облысы бойынша

"ҚТЖ – Жүк тасымалы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қызылорда бөлімшесінің № 26 теміржол вокзалының атауы – "Батыс" Жетітөбе темір жол станциясы атауына.

Маңғыстау облысы бойынша

"ҚТЖ – Жүк тасымалы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Маңғыстау бөлімшесі – "Батыс" №1 темір жол өткелі Күйкен темір жол өткелі атауына;

"ҚТЖ – Жүк тасымалы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Маңғыстау бөлімшесі – "Батыс" №10 темір жол өткелі Боздақ темір жол өткелі атауына;

"ҚТЖ – Жүк тасымалы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Маңғыстау бөлімшесі – "Батыс" №460 темір жол өткелі Сарға темір жол өткелі атауына;

"ҚТЖ – Жүк тасымалы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалының Маңғыстау бөлімшесінің Опорная темір жол вокзалы – "Батыс" Боранқұл темір жол станциясы атауына.

Атырау облысы бойынша

"ҚТЖ – Жүк тасымалы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Маңғыстау бөлімшесінің Толтыр темір жол өткелі – "Батыс" Майкөмген темір жол өткелі атауына

Ақмола облысы бойынша

Джалтыр станциясының атауы – Жалтыр станциясы атауына;

Қосшеку станциясының атауы – Қосшоқы станциясы атауына

Маңғыстау облысы бойынша

Сай-Өтес станциясының атауы – Сайөтес станциясы атауына;

Узень станциясының атауы – Жаңаөзен станциясы атауына;

Батыс Қазақстан облысы бойынша

Уральск станциясының атауы – Орал станциясы атауына

Жамбыл облысы бойынша

Құмшағыл станциясының атауы – Құмшағал станциясы атауына;

Сүрім станциясының атауы – Сұрым станциясы атауына.

Сурет: youtube-тен алынды