Сұлтан Қамалетдинов ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы болып тағайындалды

Уақыты: 15.01.2024
Оқылды: 633
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мемлекет басшысының өкімімен Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімімен Марат Рақымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.

ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ