Көктайғақ, тұман: Бүгін ауа райы қандай болады

Уақыты: 16.01.2024
Оқылды: 352
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Еліміздің басым бөлігі антициклон ықпалында болмақ. Сондықтан бүгін, 16 қаңтарда ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, тек батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Қар жауып, боран соғады. Оңтүстіктің таулы жерлерінде қалың қар жауады.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, республика бойынша тұман түсіп, екпінді жел соғады, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform