Ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралар басталады

Уақыты: 31.01.2024
Оқылды: 613
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облыстық ветеринария басқармасы жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларына қарсы жаппай ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралардың басталатынын мәлімдейді.

Биыл вакцинациялау және диагностикалық зерттеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес, профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тізбеге енгізілген аса қауіпті 16 ауру түріне қарсы жүргізіледі. Осы іс-шаралар облыс аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты қаматамасыз етуге және адамдар мен жануарларды сібір жарасы, қарасан, аусыл, нодулярлы дерматит, пастереллез, құтыру, туберкулез, бруцеллез, басқа да жұқпалы аурулардан қорғауға бағытталған.

Ветеринарлық - профилактикалық іс-шаралар аудандық және қалалық ветеринарлық станцияларға қарасты округтердің ветеринарлық пункт мамандарымен атқарылады. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы диагностикалық және профилактикалық жұмыстарды уақытылы әрі сапалы орындау үшін сіздерден ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабында көрсетілген міндеттерге сәйкес, ветеринария мамандарының қызметтік міндетін атқаруға көмек көрсетулеріңізді сұраймыз.

Барлық сұрақ бойынша ветеринария басқармасының

8(7282) 32-94-62, 8(7282) 32-90-72 телефон нөмірлеріне немесе тікелей аудандық, қалалық ветеринарлық станцияларына және ауылдық округтердегі ветеринарлық пункттерге хабарласуға болады.

Облыстық ветеринария басқармасы
Фото: apk-news.kz