«Дамумен» дамыған серіктестік

Уақыты: 08.02.2024
Оқылды: 551
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қаратал ауданындағы «Үштөбе сүт өнімдері»  ЖШС 2020 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Кәсіпорын сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Өндірісте жоғары білікті мамандар қызмет етеді. Сүт өнімдері барлық талапқа сай дайындалады. Дәмі де керемет, сапасы да жоғары, тұтынушылары да көп.

Мәселен, бұл жерде балмұздақ, сүт, айран, қаймақ, кілегей, кұрт, ірімшік сияқты сүт өнімдерінің 30-дан аса түрі әзірленеді. Ақтан жасалған дайын тағамдар Жетісу мен Алматы облысының түкпір-түкпіріне таралады.

Компания инвестиция үшін «ForteBank» АҚ-дан несие алды. Жобаны субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы шеңберінде «Даму» қоры қолдау танытты.

А. Ыбырай
Қаратал ауданы