"Дүрбелеңге салынбаңыз!": Жетісу облысында дауылға байланысты ескерту жарияланды

Уақыты: 08.02.2024
Оқылды: 756
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Қазгидромет" РМК-ның 2024 жылғы 8 ақпандағы дауылды ескертуі негізінде, 9 ақпанда түнде Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман, оңтүстік-шығыстан екпіні 17-22 м/с болатын жел күтіледі.

Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Өз аймағыңыздағы дауылды ескертулер мен басқа да шұғыл ақпаратты сіз "Дармен" тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы біле аласыз.

Жетісу облысының ТЖ департаменті тұман жағдайында автокөлік жүргізушілеріне өте ұқыпты болуды ескертеді. Мүмкін болса, сапарды кейінге қалдырып, ауа райының жақсаруын күткен дұрыс.

Сондай-ақ, қауіпсіз жүрудің негізгі кепілі - жылдамдықты асырмау екендігін есте ұстаған жөн!

Төтенше жағдай туындаған кезде төтенше жағдайлар қызметінің 112, 101 нөмірлері бойынша қоңырау шалыңыз.

Сондай-ақ, облыс тұрғындарынан дүрбелеңге бой алдырмауын және тек ресми дереккөздерге сенуін сұраймыз.

Фото: aimak.com.kz