Қазақстанда киік атуға қайтадан тыйым салынды

Уақыты: 12.02.2024
Оқылды: 341
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Еліміздің аумағында киік аулау уақытша тоқтады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде орман қорғау тақырыбына арналған Үкімет сағатынан кейін тілшілерге ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Отандық ғалымдармен және халықаралық сарапшылармен кеңесіп, пікірталас жүргізгеннен кейін киік ату тоқтатылды. Сонымен қатар, қазір қыс кезінде далада жүру қиындады. Сондықтан 10 ақпаннан бастап киіктердің санын реттеу процесін тоқтаттық», – деді Е. Нысанбаев.

Оның айтуынша, киік аулау жұмыстары келесі жылы жалғасады.

«Былтырғы тәжірибені ескере отырып, биыл егжей-тегжейлі есеп жүргізіледі. Алдын ала есептеу бойынша шамамен 40 пайыз өсім болды. Жалпы, былтырғы өсімді есепке алғанда төлдейтін уақытта шамамен 2,5-2,6 миллион бас болады. Тіпті пессимистік жағдайда да биыл өсім байқалады», – деді министр.

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі