Бүгінгі ауа райы болжамы жарияланды

Уақыты: 13.02.2024
Оқылды: 291
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 13-і күнгі күні райы болжамын жариялады.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклонның жотасы әсерін етеді. Соның салдарынан күн жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің батыс, солтүстік-батыс, және оңтүстік-шығыс аудандарында атмосфералық ағындардың әсерінен жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады, бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. ҚР бойынша жел күшейіп, тұман болады.

Фото: Pixabay