Жетісу облысындағы су тасқынына дайындық жұмысы талқыланды

Уақыты: 15.03.2024
Оқылды: 326
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ТЖД қызметкерлері өңірдегі су тасқыны кезеңінің өтуі тақырыбында жиын өткізді.

Аймақта жағдайды бағалау үшін 57 бақылау гидробекеттері жұмыс істейді.

Бүгінде Жетісу облысы аумағындағы қар жамылғысы 46% құрайды.

Бақылауда су басу ықтималдығы бар 9 елді-мекен бар, оның ішінде 4 елді-мекенде су тасқынына қарсы жұмыстар басталып, 2 елді-мекен бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде, қалған 3 елді-мекенге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде.

Жалпы, су тасқынына қарсы іс-шаралар Департаменттің ерекше бақылауында.

"Жетісу-Ақпарат"