Әскери қызметшілер балалар үйіне барды

Уақыты: 15.03.2024
Оқылды: 417
Бөлім: КҮНДЕРЕК

15 наурыз – Қайырымдылық күні. Осыған орай, Талдықорғандағы 54380 әскери бөлім басшылығының және жеке құрамының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.

Қайырымдылық іс-шарасы «Айналайын» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында өтті.

Әскерилер балаларды қайырымдылық күнімен құттықтап, балаларға футбол добымен тәттілер таратты. Әскерилердің жасаған сыйлықтарына балалар қуанып, дән риза болды.

Оқушылар қонақтарға Наурыз тойы, Бақыт деген және Ана - ұстаз тәрбиеші деген өлеңдерін айтып өз өнерлерін көрсетті.

Әскерилердің осындай тағылымды істері алдағы уақытта да жалғаса бермек. 

Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі