"ЕШҚАЙДА БАРМАЙСЫЗ": ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІН ҚАДАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ТҮРІ

Уақыты: 06.12.2019
Оқылды: 896
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін біз сіздермен ешқайда бармай-ақ, уақыт үнемдеп, тұрғын үй кезегін онлайн бақылап отыру жолымен бөліспекпіз.

Сіз тұрғын үй кезегінің нөмірін www.egov.kz электрондық үкімет порталынан тексере аласыз. Ол үшін сізге ЭЦҚ арқылы порталға кіру қажет. Содан кейін «Жылжымайтын мүлік», «Тұрғын үй қатынастары» бөлімдеріне өтіп, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспана алу кезегін қарау» қызметін таңдау жеткілікті.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті органнан берілетін жалдамалы тұрғын үй кезегінің нөмірін қарау» электронды қызметі тегін. және портал арқылы өтініш берген сәтте көрсетіледі.

"Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметі