"ЖАЙ ҒАНА СӨЗ ЕМЕС": КОРОНАВИРУС КӨПТЕГЕН КЕМШІЛІКТІҢ БЕТІН АШТЫ

Уақыты: 28.04.2020
Оқылды: 933
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Коронавирус індеті көптеген саладағы кемшіліктер мен мүмкіндіктерді ашып берді. Соның бірі – қашықтан оқыту.

Қашықтан оқыту жай ғана сөз емес. Оны Қазақстанның білім жүйесі осы жолы ұққандай болды және іс жүзінде көз жеткізді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің дерегінше, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының 30 пайызы індетке дейін онлайнмен оқып келді. Ал қалған 70 пайызы ше? Олардың әрқайсысы қазір шамасы жеткенше үйден, смартфоннан білім алуға тырысып жатыр. Бұл, әсіресе, мұғалімдер мен оқытушыларға көп қиындық туғызды. Осындай күрделі кезеңде мұғалімдер, оқытушылар қашықтан оқуға мүмкіндік беретін түрлі жүйені пайдалануы тиіс. Солардың бірі «Zoom», «Platon», «Google classroom» сияқты жүйелер. Жақында «Google meet» деген сервис шықты. Оның тегін екенін айтып өткен жөн.

Бейнеконференция жасауға ыңғайлы, оқу процесінде пайдалануға болады. Қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі мақсаты – білім алушының өз бетінше орындалатын жұмысын қадағалау болып саналады. Сол сияқты былтырдан бергі уақытта колледжімізде жаңадан ашылған мамандық – «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі» біліктілігі бойынша мамандар әзірлеп жатырмыз. Бұл мамандыққа мемлекет тарапынан сұранысқа ие болғандықтан да көбіне ауылда білім алған түлектер осында келіп білім алуда.

Олардың көбі сол шалғай ауылдардан ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалану арқылы бізбен күнделікті байланысқа шығып, білім порталдарына кіріп орындауға тиісті тапсырмаларын жіберу арқылы кері байланыс орната алады. Колледжімізде заман талабына сай  білім алуға барлық мүмкіндік жасалған. Күнделікті қашықтан оқыту технологиясы бойынша білім алушылармен қашықтан оқыту кезінде білім беру процесін қолайлы уақытта жүзеге асырып отырмыз. Сондай-ақ, қашықтан оқыту – адамның үздіксіз білім мен ақпарат алуына және оны іске асыруға мүмкіндігі зор.

Жандос ҚОЖАҚАНОВ,

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің оқытушысы

Сурет ғаламтордан алынды