ДУБАЙДАН ТАЛДЫҚОРҒАНҒА ҰШЫП КЕЛГЕН ЖОЛАУШЫЛАРДАН ВИРУС ТАБЫЛҒАН ЖОҚ

Уақыты: 03.05.2020
Оқылды: 648
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Дубайдан Талдықорғанға ұшып келіп, Қапшағай маңында карантинге жатқызылған 171 жолаушыдан коронавирус анықталған жоқ. Мұны вирусологиялық зерттеу нәтижесі көрсетті.

Олар Алматы облысы әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған арнайы автобустармен үйлеріне қайтты. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Талдықорғанға Біріккен Араб Әмірліктерінен 137 жолаушысы бар ұшақ қонып, жолаушылар екі күндік карантиннен соң тұрғылықты мекенжайына қайтқан болатын. Олардың да анализінен қауіпті інден анықталмаған еді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"