"БИЫЛ ТАПСЫРЫЛАДЫ": МИНИСТР ҚЫЗЫЛАҒАШ СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС САПАСЫН КӨРДІ

Уақыты: 24.05.2020
Оқылды: 814
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Екі күндік сапармен келген Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ Алматы облысындағы бірқатар су нысанын аралады. Бұл жайында ол өзінің желідегі парақшасына жазды.

"Алматы облысындағы су шаруашылығы нысандарының жұмысымен таныстым. "Жұмыспен қамтудың жол картасын" іске асыру аясында бұл өңірде Көксу тоғанын, Қаратал бөгенін, Үсек өзеніндегі су шаруашылығын қайта салу, Талдықорғанға жақын жердегі ирригациялық жүйені қайта қалпына келтіру бойынша 4 жоба іске асырылады", - деп жазды М.Мырзағалиев парақшасында.

- Бұл жобалар бойынша жұмыс басталып кетті. Олардың іске асырылуы апаттық жағдайдағы нысандарды қалпына келтіруге, өңірді сумен қамтамасыз етуге, суармалы жерлерді көбейтуге жол ашып, нысанды қалпына келтіру мен ауылшаруашылығында еңбек еткен халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті министр.

Бұдан басқа, Экология министрлігі басшысы Қызылағаш су қоймасын қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. «Ақсу ауданындағы Қызылағаш су қоймасын қалпына келтіру барысымен танысып, жұмыс сапасына көз жеткіздім. Бұл жоба ауданды сумен қамтамасыз етуде, ауылшаруашылығын дамытуда маңызды. Қалпына келтіру жұмысының 90 пайызы орындалды. Биыл су қоймасы пайдалануға тапсырылады», - деді министр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"