"БІРДЕН ҮШ АДАМ": КОРОНАВИРУС ІНДЕТІ АЛАКӨЛ АУДАНЫНА ДА ЖЕТТІ

Уақыты: 28.05.2020
Оқылды: 937
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 14 адам тіркелді. Бұл жайында Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Вирус жұқтырудың 9 жағдайы Талдықорған қаласында, 3 жағдай Алакөл ауданында, 1 жағдайдан Ескелді және Талғар аудандарында тіркелген. Барлық 14 науқас арнайы тексеріс барысында анықталды. 1987, 1938, 1989, 1989, 1992, 1980, 1982 жыл туған жеті науқас бұрын коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болған. Ал қалған жеті науқас (2019, 2017,1984, 1991, 2006, 1994, 2016 жылы туған) профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде дәлелденді.

Барлық науқастар бұрын оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған. Айта кетейік, 28 мамыр, сағат 13:00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында  инфекция жұқтырған 319 адам тіркелген.

Өкінішке қарай, соңғы үш күнде вирус жұқтырудың тағы 9 жағдайы Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Талдықорған қаласында анықталған. Олардың көбі бұрын ауырған адаммен байланыста болған. Кейбірі өз бетімен тексерілген. Қазіргі таңда вирус анықталған азаматтар ауруханаға жатқызылған. Олармен байланыста болғандар да дәрігер қадағалауына алынды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды