Басшы таныстырылды

Уақыты: 14.10.2017
Оқылды: 973
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Облыс әкімінің өкімімен бұған дейін Іле ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Дәурен Жүнісов облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалды. Кеше облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар облыстық білім басқармасының ұжымына, оқу орындарының басшыларына жаңа басшыны таныстырды.
Жақсылық Мұқашұлы  Дәурен Хабдолданұлын жаңа қызметімен құттықтап,  бұған дейінгі бай еңбек тәжірибесі  өңіріміздегі білім сапасын  арттырып, жоғары жетістіктерге жетуге  мүмкіндік беретіндігіне сенім білдірді.
– Қазіргі таңда білім беру және жас ұрпақты тәрбиелеу бойынша өрелі міндеттердің шешімін табу қажет, атап айтар болсақ, балаларды мектеп жасына дейінгі мекемелермен қамтамасыз ету, колледж студенттерін жұмысқа орналастыру, мемлекеттік бағдарламаларды орындау, тәрбие жұмыстарын жақсарту бірінші кезекті мәселелер. Бұл үшін ең бастысы білім саласы оңды қаржыландырылып отыр, тәжірибелі педагогтар мен талантты балалар жетерлік.
Басқарманың жаңа басшысы мен оның ұжымынан аталған міндеттердің шешімін табу барысында тың идеялар мен ұсыныстарды күтеріміз заңды, – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.
Білім басқармасының жаңа басшысы Дәурен Жүнісов өз кезегінде облыс әкімінің үлкен сенімін ақтау үшін барлық күш-жігерін, білімін жұмсайтындығына уәде етті.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.