АЛМАТЫ МЕН ҚОНАЕВ АРАСЫНДА ЭЛЕКТР ПОЙЫЗЫ ҚАТЫНАЙДЫ - ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ

Уақыты: 09.11.2022
Оқылды: 1349
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматы мен Қонаев қалалары арасындағы теміржол бағытын іске қосу мәселесі пысықталды. Анықталғандай, биылғы жылдың 11 қарашасында Алматы мен Қонаев арасында жолаушылар үшін жаңа бағытта пойыз қатынай бастайды.

Пойыз тәулігіне бір рет, "Алматы-1" станциясынан сағат 06:44-те жөнелтіліп, "Қапшағай" станциясына сағат 08:35-те келіп жетеді. Сондай-ақ, "Қапшағай" станциясынан сағат 19:15-те жолға шығып, "Алматы-1" станциясына сағат 20:50-де келетін болады.

Пойыздың құрамында жалпы сыйымдылығы 175 орынды 3 вагон бар. Тасымалдауды ұйымдастыруды «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүзеге асырады.

Айта кету керек, бұл тапсырманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 19 қазанында Алматы облысына жұмыс сапары барысында айтқан болатын.

№6906/6907 қала сыртындағы пойызға «Алматы-1 – Қапшағай» бағытында жол жүру құжаттарын (билеттерін) төменде көрсетілген нүсұаулықтар арқылы сатып алуға болады:

- «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассалары;
- жолаушылар агенттіктерінің билет кассалары;
- электрондық өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары;
- интернет-ресурстар (сайттар);
- «Қазпошта» бөлімшелері.

Билет сататын кассалары жоқ станцияларда жол жүру құжаттарын (билеттерін) рәсімдеу№6906/6907 қала сыртындағы поездының «Алматы-1 – Қапшағай» бағытындағы жолсерікке тікелей жолданады.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"