ЖУЫРДА ТАҒЫ ТӨРТ АУЫЛ ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛАДЫ - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Уақыты: 22.11.2022
Оқылды: 1594
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Талғар ауданының Ақдала, Ақтас, Жалқамыс ауылдарында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Ақдала кенті бойынша 200 тұрғын көгілдір отынға қосылуда. Ақтас кенті бойынша 80 абонент табиғи газды қосуға ниет білдірсе, ал Жалқамыс ауылында 2000 тұрғынға газ тарату желілерін қамдау бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жақын арада жұмыстар аяқталады.

- Президент тапсырмасында елді газдандыру мәселесі өте маңызды. Өз тарапымыздан біз облысымыздың әрбір тұрғынына газ қолжетімді болуы үшін бәрін жасаймыз. Абоненттерді қосу құны 180 мың теңгеден аспайды, - деп атап өтті Алматы облысы энергетика жәнеТКШ басқармасының басшысы Дастан Шалтабаев.

Талғар қаласының "Аққу" ықшамауданында 300 абоненттің көгілдір отынға қол жеткізуі үшін газ құбыры мен газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде. Жоба аяқталу сатысында.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"