ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ. ЗАҢСЫЗ САУДАНЫ БІРЛЕСІП ШЕШУ КЕРЕК

Уақыты: 12.07.2023
Оқылды: 779
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қала кәсіпкерлерімен жүздесті, деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы. 


Алдымен шаһар басшысы облысымыздың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары соның ішінде Талдықорған қаласының даму көрсеткіштерін одан әрі дамытуға бағытталған тың жобаларды тізіп, жиналғандардың ұсынысын тыңдады.

 
Бұдан бөлек Ернат Дүйсенбекұлы бір шама уақыттан бері шешімін таппай келе жатқан ең күрделі, проблеманың бірі, қала орталығындағы заңсыз сауда мәселесі де көтеріп, оның шешу жолын бірлесе қарастыруға шақырды.
 
Айта кету керек, осы мәселе төңірегенде тың жоба таныстырылып, алдағы уақытта халық назарына ұсынылмақ.
 
Жиынға қалалық кәсіпорындардың, шағын және орта бизнестің, қоғамдық тамақтану, сауда үйлері, базарлар мен қонақ үйлердің өкілдері, депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері мен белсенділері, коммуналдық мекемелер мен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
 
 Telegram желісіндегі парақшамызға тіркеле кетіңіз!