Әлібек Қуантыров қосылған құн салығы азық-түлік бағасына қалай әсер ететінін түсіндірді

Уақыты: 15.11.2023
Оқылды: 717
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде қосылған құн салығы азық-түлік бағасына қалай әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

«Magnum, SMALL сияқты сауда орындарынан тауар алғанда түбіртекте «оның ішінде қосылған құн салығы» деп тұрады. Яғни, қосылған құн салығының көтерілгені қарапайым тұтынушылардың қалтасына тікелей әсер етеді деген сөз емес пе?», - деп сұрады журналист.

Министрдің пайымынша, бұл шара азық-түлік бағасына әсер етпейді.

«Біріншіден, елде азық-түлік өнімдері негізінен ірі супермаркеттерде, базарларда сатылады. Әсіресе ірі сауда орындарында, базарларда сауда сататындардың көбі қосылған құн салығын төлемейді. Яғни, ол орындарда қосылған құн салығын төлейтіндердің пайызы аз. Біз бөлшек салықтың әрекет ету аясын кеңейтіп жатқандықтан арнайы салық режимі арқылы салық төлеушілердің саны көбейеді. Яғни, осы режимге енгендер қосылған құн салығын төлемейді. Бұл әсіресе азық-түлік нарығына жақсы әсер етеді. Қорыта келгенде қосылған құн салығының өсуі азық-түлік бағасына әсер етпейді», - деді Әлібек Қуантыров.

Дереккөз: Kazinform
Фото: primeminister.kz