БИЗНЕС АШУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

Уақыты: 04.08.2016
Оқылды: 1502
Бөлім: ЭКОНОМИКА

«Даму-Көмек» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандар мен мүгедек кәсіпкерлерге көмек көр­­се­теді. Бұл жоба олар­дың бизнеспен айна­лы­сып, да­мытуына мүмкіндік береді.

Мәселен Оксана Понамарева, Сұлуай Құлбаева, Анжела Далбаева, Арай Бейсенбинова, Камшат Ақмұрзаева, Айнұр Оспанова және Ерлан Мамырбаев деген азаматтар өздерінің мүмкіндіктерінің шектеулі­лігіне қарамастан тігін тігу ісімен ай­налысуды ұнатады. Олардың еңбек етуге деген құштар­лығы тұрақты табыс кіргізіп, отбасыларын асырауларына үлкен мүм­кіндік туғызып отыр. Осындай қайсарлықтарымен өздерін мате­риалдық тұрғыдан қамтып, жұмыс істеуге қауқарлы екен­діктерін дәлелдеп келеді.

Жақында  оларға «Даму» қорының қызметкерлері демеуші­лер атынан көпсалалы жеті тігін машинасын тарту етті. «Жақ­сылық жасап, қол ұшын созған адамдарға деген алғысымыз шек­сіз», – дейді тігін машинасына қол жеткізген мүмкіндігі шектеулі жандар өз ризашылықтарын жасыра алмай. Айта кетейік, жақсы істің жаршысы болып, демеу көрсетіп отырған «Алель Агро» акционерлік қоғамы облыс­тағы табысты компаниялардың бірі ретінде танымал. Бүгінде олар өз бизнестерін жан-жақты дамытып, экономиканың өсуіне дем беріп келеді.

Негізінен бұл қоғам құс шаруашылығымен айналы­сады. Аталған саланың дамуына ықпал етіп отырған компания тұ­қымы асыл құстан жұмыртқа алып, халық тұтынатын құс етін өндіреді. Құрамында төрт бройлер­лік құс фабрикасы және ет өңдеу зауыты мен инку­баторы бар. Айта кетейік, бүгінде демеушілер облыста «Даму-Көмек» жобасы аясында 150-ден аса мүгедек  кәсіпкерге көмек көрсетті.