Кәсіпкерлікке жанды қолдау

Уақыты: 04.08.2016
Оқылды: 1423
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ал­маты облысы кә­сіп­керлік және индустрия­лық-инновациялық даму бас­қар­ма­сының басшысы Маржан Мұраттың қатысуымен брифинг өт­ті. Басқосуда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «100 нақ­­ты қадам» Ұлт жоспарын жү­зеге асыру бойын­ша ат­қа­рылып жатқан жұмыстары алға тартылды.

 

Ұлт жоспарының  «Индустриаландыру және экономикалық өсім»  атты үшінші ба­ғыты бойынша жергілікті атқарушы ор­ган­дардың негізгі міндеті – инвестиция тарту. Соған орай облысымызда бүгінгі күні Өңір­лік инвесторлар кеңесі құрылып, жүйелі жұ­мыс істеп келеді. 2016 жылдың 10 мау­сы­мында «Жетісу Инвест 2016» инвес­ти­циялық форумы өтіп, оған 400-ден астам іс­кер топ өкілдері қатысты. Форум қо­ры­тын­дысы бойынша  әкімдік пен компаниялар ара­сын­да жалпы сомасы 902,05 миллион долларға бағаланған 26 меморандумға қол қойылды. Іле ауданында жылына 100 мың тонна қуат­тылығымен жағармай өндірісі бойынша «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Центральная Азия» зауыт құрылысы, «HOME MART» ЖШС сауда-ойын орталығын кеңейту, Сарыөзек беке­тінде «СП Казатомпром – Helios Strategiа» компаниясы 50 МВт. қуаттылығымен күн паркінің құрылысы және өзге де жобалар қолға алынды.

– 55-қадамда өңдеу өнеркәсібіне транс­ұлттық компанияларды тарту туралы нақ­ты тапсырма берілген. Соған орай «Қа­зақстан – 2030» Стратегиясында Елбасы: «Қазақ­стан­ның шетел капиталынсыз, техно­ло­гиясынсыз және тәжірибесінсіз жедел экономикалық өрлеу мен жаңартуға қалай қол жеткізетінін көз алдымызға кел­тіру қиын», – деген болатын. Сол кезде «ин­вес­ти­ция бойынша мемлекеттік коми­тет, шетелдік инвесторлар кеңесі құры­лып, ірі инвесторлар тартылған еді. Соның ықпа­лымен облыс аумағында брендтік өнім шығаратын «Coca-Cola», «Danone», JTI, «Knauf», «Efes» сияқты белгілі компа­ния­лар жұмыс істеуде» – деген Маржан Мұрат­қызы шетелдің қатысуымен облыс аума­ғында 8 ірі инвестициялық жоба жос­пар­ла­нуда және оны жүзеге асыру мақса­тында жер­гілікті атқарушы органдар және инвес­торлар тарапынан белсенді жұмыс­тар жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті.

«100 қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асы­ру кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндік сый­лады. Атап айтар болсақ, рұқсат беру құ­жаттары қыс­қартылды, индустриялық ай­мақтарда жер учаскелерін беру рәсім­дері жеңіл­детілді және инженерлік инфра­құ­рылымды дайындау қолға алынды. Бұл де­геніміз еліміз болашағының жарқын бола­рының кепілі және өзге мемле­кет­тер­мен бәсекеге қабілетті екендігіміздің көрінісі.

 

Мәулен Әнербай.