Басты назарға алынды

Уақыты: 11.08.2016
Оқылды: 1598
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Автокөлік жолдары – экономика дамуының басты тірегі. Сондықтан ол қазір маңызды мәселенің қатарында. Бұған Үкімет те айрықша мән беріп отыр. Нәтижесінде жаңа жолдар салынып, көпшілік игілігіне беріліп те жатыр. Әрине, жол көбейген сайын оның жұмыстары да күрделене түседі. Уақытылы тексеріліп, мезгілінде күтім жасалмаса сапасы нашарлап, онымен жүрудің қауіптілігі артады. Сол себепті ол да жақсы күтімді, қомақты қаражатты қажет етеді.

Осы ретте Журналистер үйінде өңірлік коммуника­циялар қызметінің ұйым­дас­тыруымен брифинг өтті. Онда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ер­жан Жасыбаев жол мәселесіне қатысты жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді. Оның айтуынша, бүгінде бұл бағыт бойынша атқарылып жатқан істер аз емес көрінеді. Айта кетейік, облыстық маңызы бар авто­көлік жолдарының жалпы ұзын­дығы 6787, 8 шақы­рым­ды құрайды, соның 11,5 % ас­фаль­т-бетонды, 70,9 % қара қиыршық тасты, 14,9 % қиыр­­шық-шағыл тасты және 2 % топырақты.

Осы жолдардың бүгінде 23,1 % жақсы, 54,5% қанағат­та­нарлық, 22,4% нашар, ал көпірлердің 42%, су өткізгіш құбырлар мен шағын көпір­лердің 22% апаттық жағдайда тұрған көрінеді. Осыған бай­ла­нысты 13 880,3 млн. теңге қаржы қарастырылған. Со­ның 866,3 млн. теңгесі рес­пуб­ли­калық, қалғаны жер­гілікті бюджет есебінен бөлі­ніпті. Бұл қаржы бүгінде ағым­дағы, орташа, күрделі жөндеуді қажет ететін авто­көлік жол­дарын жөндеуге, көпірлер мен құбырларды, өткелдерді, сондай-ақ ел ара­сын жал­ғайтын жаңа жолдар салуға, ескіргендерін қайта жаңғыр­тып, су тасқыны сал­да­рынан пайда болған төтен­ше жағ­дай­ларды жою мен алдын алуға жұмсалып жат­қан көрі­неді.

Сондай-ақ, брифингте жол бойын тазартып, абаттан­ды­руға, күтіп ұстап, көгалдан­дыруға да ерекше көңіл бө­лініп келетіні, жалпы бұл бағыттағы жұмыстардың ал­дағы уақытта да ретімен жал­ға­сатыны сөз болды. Ержан Бәкірбайұлы аймақта облыс (қалааралық), ауданішілік, елді мекендерді облыстық маңызы бар қалалармен бай­ла­ныстыратын екі жүзден аса бағыт бар екенін және осылар бойынша сыйымдылығы әр­түрлі мыңнан аса автобус қызмет көрсетіп жатқанын назарға алып, журналистер тарапынан қойылған сұрақ­тарға да тұшымды жауаптар қайтарды.

 

Айгүл Байбосынова.