"БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ - 2025": БАҒДАРЛАМАҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Уақыты: 08.12.2020
Оқылды: 1194
Бөлім: ЭКОНОМИКА

«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына маңызды өзгерістер енгізілді. 2020 жылғы 30 шілдеден бастап бағдарламаның бірінші бағыты бойынша сыйақы мөлшерлемесін портфельдік субсидиялау және банктердің кредиттері мен микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша ішінара кепілдік беру түрінде қаржылық қолдау көрсетіледі.

Бұл ретте кредитті субсидиялау және кепілдендіру туралы шешімді енді банктер немесе МҚҰ «Даму» қорының келісімінсіз дербес қабылдайды. Шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері инвестициялар мен айналым қаражатын толықтыруға салалық шектеулерсіз 20 млн.теңгеден аспайтын сомада кредиттер ала алады. Субсидиялауды ескере отырып, кәсіпкерлер үшін соңғы сыйақы мөлшерлемесі 6% құрайды. Ал кепіл жетіспеген жағдайда кәсіпкерлер несие сомасының 85% мөлшерінде «Даму» қорының кепілдігін пайдалана алады.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша тиімді кәсіпкерлер мен индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері салалық шектеулерсіз, сауда саласындағы инвестициялық жобалардан басқа, мемлекеттің субсидиялары есебінен 6% сыйақы мөлшерлемесі бойынша 7 млрд.теңгеге дейін несие ала алады. Бұл ретте айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит сомасы 500 млн.теңгеден, ал сауда саласында 100 млн.теңгеден аспауға тиіс. Қажет болған жағдайда кәсіпкерлер «Даму» қорының кепілдендіру құралын да пайдалана алады. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерге кепілдік 360 млн.теңгеден аспайтын несие сомасының 85%-на дейінгі мөлшерде берілуі мүмкін.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерге кредит сомасының 50%-на дейінгі мөлшерде 1 млрд.теңгеге дейінгі кредитке кепілдік беріледі. Облыста іске асырылатын немесе іске асыру жоспарланған жобалар бойынша барлық сұрақ бойынша Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі, 86 мекенжайында орналасқан «Даму» қорының өңірлік филиалына немесе 8-7282-55-87-10 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Сурет ғаламтордан алынды