"0" КОЭФФИЦИЕНТІ ЖЕКЕ ТАБЫС ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК САЛЫҚҚА ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ

Уақыты: 08.12.2020
Оқылды: 908
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Жеке практикамен айналысатын адамдарға қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына өзгеріс енгізілді.

"Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №287 Жарлығын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы №721 қаулысымен (бұдан әрі қаулы) салық салу мәселелері бойынша "0" коэффициентін 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына, әлеуметтік аударымдарға, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдарға қатысты қолдану көзделген.

Яғни, бұл өзгерістер жеке табыс салығы мен әлеуметтік салыққа қолданылмайды.

Осыған байланысты жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық қатынастарында "0" коэффициентін қолдану ұзартылмайды, тиісінше, қызметкерлері жоқ жеке практикамен айналысатын адам (жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) 2020 жылғы 01 қазаннан бастап 2021 жылғы 01 қаңтарға дейінгі кезең үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық ставкаларына "0" коэффициентін қолдануға құқылы емес.

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

Сурет - ғаламтордан