ТАЛДЫҚОРҒАННЫҢ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНДЕ ЖЕМҚОРЛЫҚ АНЫҚТАЛМАДЫ

Уақыты: 14.12.2020
Оқылды: 1139
Бөлім: ЭКОНОМИКА

«Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ 2020 жылдың 11 айында көрсеткен мемлекеттік қызметтері мен оның сапасы туралы мәлімет жариялады. Бөлімде жемқорлық деректері анықталмаған. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

«Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қала аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Мемлекеттік мекеменің басты мақсаттары келесідей:

- Қала аумағы бойынша жер қатынастарын реттеуде бірыңғай саясатты жүргізу;

- Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі анықтаған жер заңнамаларының шегінде басты бағыттарды жоспарлау және жүзеге асыру. Бөлім Талдықорған қаласында және қалаға қарасты Еркін, Өтенай селолық округінің жер ресурстарын басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізе отырып, жер қатынастарын реттейді.

- Бөлім өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің актілеріне, мәслихат шешімдеріне, қала әкімдігінің қаулыларына және басқа да құқықтық нормативтік актілерге өз жұмысын атқарады.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. А. Батырқожаның 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі» бойынша 2020 жылдың қаңтарынан бастап тізілімдеме бойынша жер қатынастары бөлімі келесі мемелекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

  1. Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту;
  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  3. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру;
  4. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру;
  5. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;
  6. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
  7. Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
  8. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;
  9. Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату.
  10. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.

Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтердің 4-уі тікелей жер қатынастары бөлімі арқылы көрсетіледі. Атап айтқанда:

  1. Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту;
  2. Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
  3. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;
  4. Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату.

Келесі 6 мемлекеттік қызмет түрі жергілікті атқарушы орган арқылы жүзеге асырылады:

  1. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  2. Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру;
  3. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру;
  4. Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;
  5. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
  6. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.

1.«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министірінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №272 бұйрығына сәйкес бекітілген стандарттың негізінде көрсетіледі. Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы тегін жүзеге асырылады. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын нығайту және карантин шараларын сақтау мақсатында бөлімде ашылған «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы да жеке және заңды тұлғалар өздері келіп өтініші беруге болады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бөлімге түскен сұраныстарды және өтініштерді жауапты маманға жолдап, орындалуын қадағалау арқылы жүзеге асырады, мемлекеттік қызмет көрсетудің заңды мерзімнің ішінде ерте немесе жай орындалғаны анықталмады. 2020 жылдың 11 айына «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметі бойынша барлығы 1804 қызмет мерзімінде және заң бұзушылықтарсыз көрсетілді. Оның ішінде стандарттың негізінде 296дәлелді жауаптарымен мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту болды. Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі тек электронды түрде жүзеге асырылады. Өтініш берушілермен тікелей байланыс жоқ. Бекітілген жобаларды беру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2.«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министірінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №272 бұйрығына сәйкес бекітілген стандарттың негізінде көрсетіледі. Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы тегін жүзеге асырылады. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын нығайту және карантин шараларын сақтау мақсатында бөлімде ашылған «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы да жеке және заңды тұлғалар өздері келіп өтініші беруге болады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бөлімге түскен сұраныстарды және өтініштерді жауапты маманға жолдап, одан кейін Талдықорған қаласының сәулет және қалақұрылысы бөліміне жазбаша ілестірме хатпен жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігін анықтайтын қорытынды алу үшін жіберіледі. Аталған уәкілетті органның берген жазбаша қорытындысы жер комиссиясының отырысында қарауға жолданады. Комиссия отырысының қорытындысы негізінде қала әкімдігінің шешімін электронды нұсқада дайындап, қала әкімдігінің келісіміне жолдау арқылы жүзеге асырылады. Егер бөлімнің шығарған шешімімен келіскен жағдайда «Е-Лицензиялау» бағдарламасы арқылы әкімнің электронды қолы қойылып, мемлекеттік қызметті алушыға беріледі. Осы мемлекеттік қызмет түрі бойынша 2020 жылдың 11 айына барлығы 375қызмет көрсетілді. Оның ішінде стандарттың негізінде 131 дәлелді жауаптармен мемлкеттік қызметті көрсетуден бас тарту болды. Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі тек электронды түрде жүзеге асырылады.

3.«Іздестеру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министірінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №272 бұйрығына сәйкес бекітілген стандарттың негізінде көрсетіледі. Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы тегін жүзеге асырылады. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын нығайту және карантин шараларын сақтау мақсатында бөлімде ашылған «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы да жеке және заңды тұлғалар өздері келіп өтініші беруге болады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бөлімге түскен сұраныстарды және өтініштерді жауапты маманға жолдап, орындалуын қадағалау арқылы жүзеге асырады, мемлекеттік қызмет көрсетудің заңды мерзімнің ішінде ерте немесе жай орындалғаны анықталмады. Алайда 2020 жылдың 6 айында осы мемлекеттік қызмет түрлерін алуға 11 өтініш түсіп, мерзімінде нәтижесі электронды түрде берілген. Оның дәлелді жауабымен мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту болған жоқ. Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі тек электронды түрде жүзеге асырылады.

4.«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызмет түрі Талдықорған қаласының аумағында жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілетін жер учаскесінің болмауына байланысты, жоспар бойынша берілетін жер учаскелері Өтенай ауылдық округінің шекаралық аумағына қарасты болғандықтан бүгінгі күні Өтенай ауылдық округінің әкімдігі арқылы жүзеге асырылады. Соңғы мәліметтерге сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін кезекте тұрғандар: 25968 өтініш - Өтенай ауылдық округінде; 2660 өтініш - Еркін ауылдық округінде.

Бөлімнің жоғарыда аталған қызметтері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасалды, қызметкерлерге қатысты заңбұзушылықтар орын алған жоқ, яғни, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

Бөлім қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

Қызметтік этика бұзушылық фактілері туралы бөлімнің қызметкерлеріне қатысты әкімшілік немесе қылмыстық тәртіпке тартылғаны туралы ақпарат анықталған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарына бөлімнің қызметкерлеріне немесе бөлімге қатысты жағымсыз мақалалар және бейнематериалдар орын алған жоқ.

Н.ҚАПТАҒАЕВА,

Талдықорған қаласы жер қатынастары бөлімінің жерге орналастыру секторының меңгерушісі

Сурет - ғаламтордан