ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ АБАЙ МЕН МҰХТАР ТУҒАН ТОПЫРАҚҚА БАРДЫ. ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ

Уақыты: 09.11.2022
Оқылды: 1256
Бөлім: САЯСАТ

«Ауыл» партиясынан Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Абай облысының жұртшылығымен кездесулер өткізді.

Бұл туралы "Ауыл" партиясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кандидат сапары халықтың рухани дамуына зор үлес қосқан ұлы тарихи қайраткерлер – Абай мен Мұхтар Әуезовтің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Одан кейін Жигули Дайрабаев және оның командасы Абай облыстық кітапханасында жергілікті зиялы қауыммен кездесу өткізіп, кандидат бағдарламасының маңызды бағыттарын талқылады.

Кітапханадан шыққан соң кандидат «Qazaq Astyq Group» ЖШС барып, зауыт жұмыскерлерімен кездесті.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни, 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"