ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫ ҚОЛДАЙДЫ

Уақыты: 11.11.2022
Оқылды: 1651
Бөлім: САЯСАТ

Жетісу облысындағы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары бүгін Талдықорған қаласы 9-шағынауданда салынып жатқан нысандардағы құрылысшылармен кездесті.

Жиында Г.Тойлыбаева, Ә.Қыдырманов, Д.Дигай, Е.Егінбаевтар еліміздің сәулеті мен дәулетін асырып жатқан құрылыс саласындағы етжеңді тірліктердің жайына тоқталды.

Спикер Г.Тойлыбаеваның сөзінше, елдің дамуын Талдықорған қаласына қарап аңғару аса қиын емес екен. Мәселен, соңғы жылдары Жетісу облысының орталығында бірнеше мөлтек аудан бой көтерді. Заманауи мәдениет, спорт ғимараттары бой көтеріп, баспаналық көп қабатты үйлер де жаңаша кейіпте салынуда.

– Президент сайлауы еліміздің тарихындағы маңызды белес болмақ. Бұл ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетеді. Дауыс беруге азаматтарымыздың белсенді қатысуы қоғамымыздың кемелдігі мен жауапкершілігін білдіреді, – деді Г.Қожағұлқызы.

Спикерлер мемлекет басшысының әр жылдарда жолданған Жолдауларында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жасалған бағдарламалар мен бастамалары әрдайым жүйелі жүзеге асып жүргенін, соның нәтижесінде қай салада өрістеу барына тоқталды. Еңбек адамына, ұстаздарға, дәрігерлерге қолдаудың жан-жақты болғанын да атап өтті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"