"ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ": БАҒДАРЛАМАСЫН ТҮСІНДІРДІ

Уақыты: 14.11.2022
Оқылды: 916
Бөлім: САЯСАТ

Кезектен тыс Президент сайлауына кандидат Мейрам Қажыкен сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ел азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға, арттыруға арналған ауқымды әлеуметтік, экономикалық және саяси реформаларға бағытталғанын атап өтті.

– Игiлiк түбi – ынтымақ. Менің сайлауалды бағдарламамның да мақсаты осыған негізделеді. Яки, адамдарға теңдей мүмкіндік беруге, онда да қабілеттерді дамыту және оны іске асыруға басымдық беріледі. Әсіресе, жастарға ерекше көңіл бөлінеді. Олар үшін басты құндылық – адам бостандығы, қадір-қасиеті мен әл-ауқаты болып табылатын заманауи қоғам құру маңызды, – деді.  Сондай-ақ, ол Біртұтас Қазақстан халқын қалыптастыратын түрлі этностардың мәдени дәстүрлерінің үйлесім дамуын, мәдениет арқылы қоғамға толеранттылық пен патриотизмді дәріптеуге болатынын, сапалы білімге теңдей қолжетімділікке кепілдік берілетінін, білім беру сапасын арттыратынын, мектеп мұғалімдерін даярлауға ерекше назар аударатынын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жетілдіруге көңіл бөлетінін, ЖОО-ларда ақылы және тегін білім беру арасындағы оңтайлы арақатынасты қамтамасыз ететінін алға тартты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"